
Сіз немесе сіздің дәрігеріңіз АРВ терапиясы көмектеспейді деп ойлайсыз, өйткені:
- CD4 жасушаларының саны көбеймейді;
- денсаулық жағдайы нашарлайды;
- АИТВ-мен байланысты жаңа аурулар пайда болады;
- вирустық жүктеме артады.
Бұл жағдайда дәрі-дәрмектердің комбинациясын өзгерту туралы ойлану керек. Бұл шешімді де мұқият қабылдау керек. Препаратқа төзімділіктің пайда болуына немесе ауыр жанама әсерлерге байланысты терапияны өзгерту қажеттілігі арасында айырмашылық жасау маңызды. Жанама әсерлер болған жағдайда тек бір препаратты ауыстыру қажет болуы мүмкін. Егер резистенттіліктің пайда болуына байланысты емдеу сәтсіз болса, онда АРВ-препараттарымен емдеудің бүкіл тарихын зерттеу керек және мүмкін болса, бұрын қабылданбаған препараттарды қосып, комбинацияны толығымен өзгерту керек. Ешқашан терапияны тоқтатпаңыз немесе дәрігермен алдын-ала кеңес алмай, АРВ препараттарын өзіңіз алмастырмаңыз.