06
октябрь 2021
Жеке құрамға арналған дәріс

5 қазанда профилактикалық бөлімнің эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне дәріс өткізді. Түсіндіру жұмысының негізгі мақсаты өз денсаулығы үшін жауапкершілікті, ақпараттылық деңгейін арттыру және АИТВ - инфекциясының алдын алу болып табылады.
Кездесу барысында қатысушылар Ақтөбе облысындағы АИТВ - инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, аурудың берілу және алдын алу жолдарымен, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу және АИТВ жұқтырған адамдардың құқықтарын қорғау туралы ақпаратпен танысты.

