07
октябрь 2021
Студенттермен кездесу
7 қазан күні алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиологы Сандугаш Жулмагамбетова АИТВ-жұқпасының алдын алу тақырыбында Автожол колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу іс-шаралары бойынша толық ақпарат берілді. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді. Барлығы 30 студент қатысты.