05
декабрь 2018
ЖИТС орталығы мамандарымен мектеп оқушыларының кездесуі
Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің 30 жылдығын атап өту аясында Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының мамандары Ақтөбе қаласындағы №62, №13 және №23 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында орталықтың мамандары Г.Бақытова, Д.Уразалинова және Л.Баиманова оқушыларға АИТВ және ЖИТС, жұғу жолдарымен алдын алу шаралары және «Стигма мен кемсітушілік» туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар АИТВ-жұқпасының Ақтөбе облысындағы эпедемиологиялық жағдайымен таныстырды. Кездесу барысында АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық-ағарту парақшалары үлестірілді.