15
октябрь 2021
АИТВ жұқтырғаннан кейін адамда қандай белгілер пайда болады?
Көптеген адамдарда АИТВ жұқтырғаннан кейін 1-4 айдан кейін қызба, жиі тамақтың ауыруы, дақты бөртпе, кейде нәжістің бұзылуы байқалады. Дәрігерлер лимфа түйіндерінің, көкбауырдың кеңеюін анықтауы мүмкін. Бұл белгілер тез жоғалады және олар мүлдем болмауы мүмкін. Көбінесе АИТВ жұқтырғаннан кейін көптеген жылдар бойы лимфа түйіндерінің ұлғаюы әрдайым бірнеше түрлі жерлерде болады. Мойынның артқы жағындағы мойын сүйегінің үстіндегі шұңқырда лимфа түйіндерінің ұзақ уақыт бойы ұлғаюы әсіресе күдікті. Бұл жағдайда әр түрлі жерлерде орналасқан бірнеше түйіндер әрдайым үлкейеді.