Стигма және дискриминация
Зерттеулер көрсеткендей, АИТВ-мен байланысты стигма мен дискриминация кең таралған, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің өмір сүру сапасына теріс әсер етеді, сонымен қатар эпидемия салдарының ауырлығын арттырады. Стигма және кемсітушілік АИТВ-ның алдын алуды жүзеге асыру, АИТВ-ға тестілеумен қамтуды кеңейту, сондай-ақ медициналық көмекке және АИТВ-ны емдеуге қолжетімділік пен бейілділікті арттыру жолында елеулі кедергі болып табылады.
АИТВ / ЖИТС-қа байланысты стигма көптеген факторларға негізделген, оның ішінде ауруды түсінбеушілік, АИТВ-ның берілу жолдары туралы қате түсінік, емделуге қол жетімділіктің болмауы, бұқаралық ақпарат құралдарының эпидемия тақырыптарына жауапсыз мәлімдемесі, ЖИТС-тың емделмейтін сипаты, қоғамның көзқарасы бойынша, жыныстық қатынас, ауру және өлім, есірткіні тұтыну сияқты бірқатар нәзік мәселелерге қатысты алалаушылық пен қорқыныш.