18
октябрь 2021
Студенттермен кездесу
14 қазан күні ЖИТС облыс орталығының педагогы Меруерт Матаева АИТВ-жұқпасының алдын алу тақырыбында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттеріне кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясы туралы және берілу жолдары мен алдын алу іс-шаралары бойынша толық ақпарат берілді. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.