25
октябрь 2021
АИТВ-инфекциясының алдын алу
20 қазан күні ЖИТС облыс орталығының дәрігер эпидемиологы Динара Уразалинова №9 ОМГ оқушыларымен кездесіп АИТВ-инфекциясы туралы, оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясына байланысты стигма және кемсітушілікке жол берілмеу керектігі туралы ақпарат берді. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.