25
октябрь 2021
№73 ОМ оқушыларымен кездесу
21 қазан күні ЖИТС облыс орталығының педагогы Меруерт Матаева АИТВ-жұқпасының алдын алу тақырыбында №73 ОМ оқушыларымен кездесу өткізді. Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алып жұмыс жасауға толық мүмкіндік бар. Сол себепті кездесу барысында АИТВ-инфекциясы туралы, оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясына байланысты стигма және кемсітушілікке жол берілмеу керектігі туралы айтылды. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.