05
декабрь 2018
Ақтөбе қаласының №55 мектептің оқушыларымен кездесу
Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің 30 жылдығын атап өту аясында Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Ақтөбе қаласындағы №55 орта мектеп оқушыларымен кездесті. Шараның мақсаты АИТВ және ЖИТС сұрақтары бойынша, жоғары сынып оқушыларының білім деңгейін арттыру. Дәрігер АИТВ-жұқпасының жұғу жолдарын және алдын алу шаралары туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар стигма және кемсітушілік туралы де айтып өтті. Кездесу барысында бейне роликтер көрсетіліп, ақпаратты –білім беру парақшалары үлестірілді.