АИТВ-позитивті: оқшаулау қажетпе
Аңыз. АИТВ-мен өмір сүретін қызметкерді басқалардан оқшаулау керек. Ақиқат: АИТВ-мен өмір сүретін қызметкерді оқшаулау ҚР АИТВ-жұқпасының және ЖИТС-тың алдын алу және емдеу туралы заңына қайшы келеді. Сонымен қатар, қызметкер өзінің АИТВ мәртебесін жария етуге міндетті емес. Бірақ егер қандай да бір себептермен ол ұжымға осы ақпаратты хабарлауды шешсе, онда АИТВ-ның оң мәртебесіне байланысты қандай да бір оқшаулау немесе жұмыстан шығару туралы мәселе болмайды. Өйткені, АИТВ статусы оң адамы кез-келген адам сияқты құқықтарға ие. Адамның иммун тапшылығы вирусының бірнеше берілу жолдары бар- қорғалмаған жыныстық қатынас, қан арқылы және анадан балаға. Ал вирус тұрмыстық және ауа тамшылары арқылы берілмейді. Бұл жұмыс орнында басқа қызметкерлерді жұқтыру мүмкін емес екендігін білдіреді.