АИТВ диссиденттілігі
АИТВ диссиденттілігі-бұл адамның иммун тапшылығы вирусының болуын жоққа шығаратын АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамдар арасында кең таралған қоғамдағы қозғалыс. Тиісінше АИТВ диссиденттері бұл қозғалысты қолдайтын адамдар. Осы идеяға сенімді болған диссиденттер АИТВ-ны тек өздеріне ғана емес, балаларына да емдеуден бас тартады. Нәтижесінде, бұл қозғалыстың белсенділері арасында ЖИТС-тен қайтыс болған жағдайлар жиі кездеседі.
АИТВ диссиденттілігі - қазіргі қоғамның қауіпті құбылысы. Себебі ол медициналық емес фактілерді алға тартады, нәтижесінде АИТВ-ның таралуы жалғасуда және бұл аурудан тек ересектер ғана емес, балалар да өледі. Өзіңе ауырып тұрғаныңды және емделу керек екенін мойындауға батылдық керек. Ауруды жоққа шығару шешім болып табылмайды. Бірақ өмірді қысқартады.