05
декабрь 2018
Марат Оспанов атындағы БҚММУ студенттеріне дәріс
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампания аясында Марат Оспанов атындағы БҚММУ студенттеріне «АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы А.Артыкбаева жүргізді. Дәріс барысында жастар арасындағы АИТВ-жұқпасының берілу жолдары, диагностика, және алдын алу іс-шаралары талқыланды. Дәрігер стигма мен кемсітушілікке ерекше көңіл бөлді. Ол сондай-ақ студенттерді облысымыздың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып және ЖИТС орталықтың достық кабинетінің жұмысы туралы әңгімеледі. Дәрістің соңында студенттерге ақпараттық оқу материалдары таратылды.