10
ноябрь 2021
«АССАНА Дорстрой» қызметкерлеріне кездесу
8 қараша күні алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиологы Динара Уразалинова Аккемер ауылындағы «АССАНА Дорстрой» қызметкерлеріне кездесу өткізді. Кездесу барысында маман АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, әсіресе жыныстық жолмен жұғудың алдын алу туралы айтып берді. Облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. АИТВ-инфекциясына тестілеуден не үшін өту керектігін және қанды қайда тапсыруға болатындығы туралы ақпарат берді.