11
ноябрь 2021
№31 ОМ оқушыларымен кездесу
10 қараша күні ЖИТС облыс орталығының педагогы Меруерт Матаева АИТВ-жұқпасының алдын алу тақырыбында №31 ОМ оқушыларымен кездесу өткізді. Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алып жұмыс жасауға толық мүмкіндік бар. Сол себепті кездесу барысында АИТВ-инфекциясы туралы, оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясына байланысты стигма және кемсітушілікке жол берілмеу керектігі туралы айтылды. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.