16
ноябрь 2021
Пресс-релиз
Қазақстан АИТВ-ға қарсы дүниежүзілік науқанға қосылуда
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында ЮНЭЙДС бастамалаған науқан біздің елімізде "АИТВ: әрбірін түсіну" ұранымен өткізілмек. Науқан 15-25 қараша аралығында жүргізіледі.
Әлемде ЖИТС-тың алғашқы жағдайлары тіркелгеннен бері қырық жыл өтті, бірақ АИТВ-инфекциясы әлі де жаһандық қауіп болып отыр. ЖИТС-ті жою үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени және құқықтық теңсіздікті мүмкіндігінше тез жою қажет. 2021-2026 жылдарға арналған ЖИТС жөніндегі жаһандық стратегия: теңсіздікті жою, ЖИТС-ты жою және осы жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары деңгейдегі кеңесінде қабылданған ЖИТС және АИТВ жөніндегі саяси декларация теңсіздік проблемасына ерекше назар аударады. Теңсіздікті жою ЖИТС індетін тоқтатуға ғана емес, сонымен бірге халықтың негізгі топтарының, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (АӨА) құқықтарын қорғауға, COVID-19-бен күресудің тиімділігін арттыруға көмектеседі, экономиканы қалпына келтіруді және оның тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
- Теңсіздікті жою - бұл өзектілігі артып келе жатқан ұзақ мерзімді жаһандық міндеттеме. Бұл бізден денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық, соның ішінде АИТВ-ға жауап беру шараларына жаңа көзқарасты талап етеді. АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату үшін стигма мен кемсітушілікті жою қажет, қоғамдық белсенділік пен ынтымақтастық АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ақпаратпен, көрсетілетін қызметтермен, әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етудің кепілі болуы тиіс, - деп есептейді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының (ҚДИАҒО) директоры Асылхан Абишев.
Науқан аясында елімізде түрлі іс-шаралар өтетін болады. Олардың көпшілігінің форматы - онлайн. Әлеуметтік желілерде АИТВ тақырыбына бей-жай қарамайтын әрбір адам қатыса алатын #ӘрбірінТүсіну #toHearEveryone хэштегімен челлендж өтеді. ЮНЭЙДС-тің Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан өкілдерінің қатысуымен өткен «ЖИТС індетін аяқтау жолында» кеңесінде ЖИТС індетін тоқтату және елдердің 95-95-95 мақсаттарын орындауға көшуі жөніндегі шараларды жеделдетуді талқылау жоспарлануда.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдар Орталық Азия қауымдастығы (АӨА ОАҚ) адам құқықтары мен АИТВ-ны талқылау бойынша мемлекеттік, халықаралық, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен серіктестердің кездесуін өткізуді ұйымдастырмақ. АӨА ОАҚ әлеуметтік желілерде өзекті тақырыптарға - теңсіздікті жою, адам құқықтарын қорғау, стигма мен кемсітушілікті жою туралы роликтер шығаратын болады. "AFEW Questions" бейне-жобасы АИТВ, туберкулез және басқа да әлеуметтік маңызды аурулар саласында жұмыс істейтін адамдар туралы баяндайды.
Жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-ға қатысты стигманы азайту бойынша зерттеу аясында Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы науқан күндері стигманы азайту бойынша медиа-контентті әзірлеу бойынша онлайн-краудсорсингтік конкурс жариялауды жоспарлап отыр. "Ғылыми-практикалық бастамалар орталығы" қоғамдық қоры ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қормен бірлесіп, ЖИТС орталықтары мен достық кабинеттерінің дәрігерлеріне арналған жанасуға дейінгі профилактика бойынша семинар өткізеді.
Алматылық дәрігерлер мектеп және колледж педагогтары арасында #СтопВИЧАлматы челленджін ұйымдастырмақ, ол мұғалімдердің назарын оқу орындарында стигма мен кемсітушілікке жол бермеуге шақырады. Нұр-Сұлтанда АИТВ-ның алдын алу бойынша жастарға арналған ойын-викторинасы бар форум, ал "Астана" медициналық университетінің студенттері арасында дебаттар өтеді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері жастарға АИТВ-ға жедел тестілеумен акция өткізеді. Білім беру жүйесінде АИТВ тақырыбы бойынша үздік ашық сабаққа конкурс Ақмола облысында, ал Семей қаласының Жастар сарайында "АИТВ қалай берілмейді" челленджінде өтеді. ҚАЖД мекемелерінде АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық материалдарды таратумен тренингтерді Батыс Қазақстан облысы ЖИТС орталығының мамандары ұйымдастырады. Қарағандыда «Сенің таңдауың - сенің өмірің!» атты фотокөрме өткізілетін болады.
ҚДИАҒО және ЖИТС өңірлік орталықтарының Дүниежүзілік науқанды өткізу бойынша серіктестері қатарында - ЮНЭЙДС, ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күреске арналған Жаһандық қор, ДДҰ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы, АӨА Орталық Азия қауымдастығы, AFEW, Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы, денсаулық сақтау басқармалары және тағы басқалары бар.
Дүниежүзілік науқанның өзектілігі әлемдегі АИТВ індетінің даму тенденциялары мен көрсеткіштерін көрсетеді. ЮНЭЙДС деректері бойынша алдағы он жылда АИТВ-ның жаңа жағдайларының негізгі өсуі Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде тіркелетін болады. Дәл осындай үрдіс біздің елімізде де байқалады. Қазақстанда бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін 28 335 адам тұрады және олардың барлығы диагноз қойылғаннан кейін бірден тегін ем ала алады.
Бүгінде Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының эпидемиясы шоғырланған сатыда тұр. Жыныстық жолмен берілудің тұрақты үрдісі байқалады. Соңғы он жылда АӨА өлімі 1,5 есе азайған. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 83 пайызы өз мәртебесін біледі, олардың 73 пайызы антиретровирустық терапияны қабылдайды, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 84 пайызында вирустық жүктеме басылған. ЮНЭЙДС 90-90-90 стратегиясын іске асыру нәтижелері осындай.
ҚР ДСМ ҚДИАҒО баспасөз қызметі