ПРЕСС-РЕЛИЗ Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні
Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні атап өтіледі. Бүкіл әлем АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету, стигма мен кемсітушілікке қарсы тұру, жаңа мақсаттарға ұмтылу үшін бірігуде.
Биыл Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің тақырыбы келесі тезис болады: «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау». Бұл тақырып Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әлемдік ауқымда қойып отырған міндеттердің өсіп келе жатқан тізімін толықтырады.
Азаматтық қоғамның барлық секторлары жыл сайын АИТВ/ЖИТС тақырыбына арналған науқанды өткізу үшін күш біріктіреді: ақпараттық іс-шаралар өткізіледі, адамдар қызыл лента киеді (халықаралық хабардарлық, қолдау және ынтымақтастық символы), АИТВ-мен өмір сүретін адамдар өздерінің мәселелері туралы айтуға мүмкіндік алады; қоғамдық ұйымдар қауымдастықтарды қолдауға күш жұмылдырады.
Бүгінгі таңда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні азаматтар мен Үкіметке бұл мәселенің әлі шешілмегенін еске салып, өзектілігін сақтап отыр. АИТВ/ЖИТС-тің хабардарлығын арттыру, стигма мен кемсітушілікті жою, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларға қосымша қаржы ресурстарын тарту мәселесі бұрынғысынша өте маңызды болып қалуда.
Ақтөбе облысында өсу қорытындысымен (1989 ж.бастап) ҚР азаматтары қатарынан АИТВ-мен (АӨСШ) өмір сүретін 516 адам тіркелді. |Облыс ҚР бойынша АИТВ-инфекциясының төмен таралуы өнірлерінің біріне жатады (ел бойынша 14-орын). Көбінесе ауру 30-39 жас аралығындағы тұрғындар арасында анықталады, олардың көпшілігі ер адамдар. Егер бұрын инъекциялық есірткі тұтыну кезінде АИТВ-ны жұқтыру басым болса, онда соңғы жылдары жыныстық қатынас кезінде жұқтыру жиі кездеседі.
2021 жылдың 10 айында 47 АИТВ-позитивті анықталды, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 5,3 құрады, бұл өткен жылдың деңгейінде. Осы жылы анықталғандардың ішінде 13 әйел және 34 ер адам болды, анықталғандардың көпшілігі жыныстық жолмен АИТВ жұқтырған (33 адам немесе 70%). Облыс тұрғындарының АИТВ-ға тексерілу саны өткен жылмен салыстырғанда 16% - ға артты. 10 ай ішінде облыста ИФТ әдісімен АИТВ-ға 160 мың талдау және 2566 экспресс-әдіспен жасалды.
Ақтөбеде ЖИТС-пен күрес күні жыл сайын өткізіледі. Қазіргі уақытта COVID-19 пандемиясы жағдайында электрондық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде онлайн-формат пен ақпараттық-түсіндіру жұмысына үлкен рөл беріледі. Биыл онкүндік 15-25 қараша аралығында «АИТВ: әрқайсысын тыңдау» ұранымен өтеді. Әлеуметтік желілерде ЖИТС орталықтары, жастар, халықтың негізгі топтары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен #УслышатьКаждого#Әрбірінтүсіну#toHearEveryone хештегімен челлендж өткізу жоспарлануда.
Облыста ЖИТС - тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық орталығы алдын алу іс-шараларын жоспарлады, оның бірі жастар мен студенттердің арасында АИТВ-ға кеңес беру мен тестілеуді, ақпараттық-білім беру материалдарын таратуды қамтитын «АИТВ-ға тест тапсыру-менің шешімім» атты науқан.
Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы
Актобе қ., 2021ж.
8 (7132) 21-31-97