21
ноябрь 2021
АИТВ-ға тест тапсыру менің шешімім!
15 қарашада Дүниежүзілік АИТВ-ға қарсы науқан аясында М. Оспанов атындағы БҚМУ-да қазақстандық медицина жастары ұйымының (KazMSA) қолдауымен "АИТВ-ға тест тапсыру-менің шешімім!» атты акция өтті. Акция барысында ЖИТС ОО қызметкерлері студенттерге АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары және өздерін АИТВ-дан қалай қорғау керектігі туралы айтып берді. Соңында қалаған адам АИТВ-инфекциясына тест тапсырды. Тестілеу тестке дейінгі және кейінгі кеңеспен өткізілді.