21
ноябрь 2021
Сазды орта мектебі оқушыларымен кездесу
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 17 қараша күні ЖИТС облыс орталығының педагогы Меруерт Матаева Сазды орта мектебінің оқушыларына АИТВ-жұқпасының алдын алу тақырыбында кездесу өткізді. Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алып жұмыс жасауға толық мүмкіндік бар. Сол себепті кездесу барысында АИТВ-инфекциясы туралы, оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясына байланысты стигма және кемсітушілікке жол берілмеу керектігі туралы айтылды. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.