21
ноябрь 2021
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында өткізілген кездесу
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева және Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы мамандарының қатысуымен Ақтөбе педагогикалық колледж студенттерімен АИТВ-жұқпасының алдын алу тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясы туралы, оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясына байланысты стигма және кемсітушілікке жол берілмеу керектігі туралы айтылды. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.