23
ноябрь 2021
Эфирде дәрігер
Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Динара Уразалинова Рика ТВ телеарнасының «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасында қонақта болды. Дәрігер Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында облысымызда 15-25 қараша аралығында «АИТВ: әрқайсысын тыңдау» ұранымен онкүндік өтіп жатқандығын айтып өтті. Осы онкүндік аралығында ЖИТС орталығы алдын алу іс-шараларын жоспарлап, оның бірі жастар мен студенттердің арасында АИТВ-ға кеңес беру мен тестілеуді, ақпараттық-білім беру материалдарын таратуды қамтитын «АИТВ-ға тест тапсыру-менің шешімім» атты науқан өткізіп жатыр.