07
декабрь 2018
Ақтөбе қаласының №47 мектептің оқушыларымен кездесу
Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніні аясында Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының маманы Ж.Кудайбергенова Ақтөбе қаласындағы №47 орта мектеп оқушыларымен кездесті. Шараның мақсаты АИТВ және ЖИТС сұрақтары бойынша, оқушылардың білім деңгейін арттыру. Маман АИТВ-жұқпасының жұғу жолдарын және алдын алу шаралары туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар стигма және кемсітушілік туралы де айтып өтті. Кездесу барысында бейне роликтер көрсетіліп, ақпаратты –білім беру парақшалары үлестірілді.