Ақтөбе заң институтындағы кездесу
22 қараша күні ЖИТС облыс орталығының дәрігер эпидемиологы Уразалинова Динара Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясында Қазақстан республикасы ІІМ М.Бөкенбаев ат. Ақтөбе заң институты тәрбиеленушілеріне кездесу өткізді. Бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алып жұмыс жасауға толық мүмкіндік бар. Сол себепті кездесу барысында АИТВ-инфекциясы туралы, оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясына байланысты стигма және кемсітушілікке жол берілмеу керектігі туралы айтылды. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.