03
декабрь 2021
Курсанттармен кездесу
30 қараша күні ЖИТС облыс орталығының дәрігер эпидемиологы Динара Уразалинова Т.Ж. Бегельдинов атындағы ӘҚК Әскери институты курсанттарымен кездесіп АИТВ-инфекциясы туралы, оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясына байланысты стигма және кемсітушілікке жол берілмеу керектігі туралы ақпарат берді. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.