14
декабрь 2021
Шекара қызметкерлерімен кездесу
9 желтоқсан күні ЖИТС облыс орталығының дәрігер эпидемиологы Динара Уразалинова ҚР ҰҚК шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жеке құрамымен кездесіп АИТВ-инфекциясы туралы, оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясына байланысты стигма және кемсітушілікке жол берілмеу керектігі туралы ақпарат берді. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.