19
январь 2022
Есірткіні, оның ішінде инъекция арқылы пайдаланатын адамдар үшін зиянды азайту
Инъекциялық есірткіні пайдаланатын адамдар АИТВ-жұқпасын болдырмау үшін сақтық шараларын қабылдай алады және есірткі заттары мен ерітінділерін қолдануға арналған құралдарды басқа адамдармен бірлесіп пайдаланудан бас тарта отырып, әрбір инъекцияға арналған стерильді инъекциялық жабдықты (инелер мен шприцтерді қоса алғанда) пайдалана алады. Есірткіге тәуелділікті емдеу, атап айтқанда, опиоидке тәуелді адамдар үшін опиоидты алмастыратын терапия АИТВ-ның берілу қаупін азайтуға көмектеседі және АИТВ-ны емдеу режимін сақтауға көмектеседі.