Менде АИТВ бар ма?
Неліктен менде АИТВ бар-жоғын білуім керек?
Ең алдымен, өзіңізді үнемі сұрақтармен мазаламай АИТВ-мәртебеңізді біліп, әрі қарай тыныш өмір сүру үшін. АИТВ-ны жұқтыру қауіпті жағдайдан кейін үрейіңізден арылу;
Екіншіден, сізге жақын және сүйікті адамдарды жұқтырмау үшін. Себебі біз жақын адамдарымыз үшін және олардың денсаулығы үшін жауаптымыз;
Үшіншіден, сіздің денсаулығыңызға мұқият болу үшін, өйткені АИТВ-инфекциясы аясында кез-келген ауру ауыр және арнайы емдеуді қажет етеді. Бұл әсіресе жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға, вирустық гепатиттерге, туберкулезге және басқа ауруларға қатысты;
Төртіншіден, емдеуді уақытында бастау. Аурудың дамуын тоқтататын және ЖИТС-тің дамуына жол бермейтін арнайы препараттарды қолдану;