27
январь 2022
+2Жастар денсаулық орталығының мамандарына арналған семинар
27 қаңтарда алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева және алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері С. Даулетбваева №5 Қалалық емхана жанындағы жастар денсаулық орталығының медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Жастар денсаулық орталығының мамандарына АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді. Семинар барысында маман АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай және нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ақпарат берді.