28
январь 2022
«Самғау» жастар денсаулық орталығындағы семинар
27 қаңтарда алдын ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Д. Уразалинова Алға аудандық аурухана жанындағы «Самғау» жастар денсаулық орталығының медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Жастар денсаулық орталығының мамандарына АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді. Семинар барысында маман АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай және нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ақпарат берді.