04
февраль 2022
Алға мектеп гимназиясының оқушыларына дәріс
Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Уразалинова Динара Алға мектеп-гимназиясының оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Бүгінгі күні АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алуға және жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар. Спикер АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.