Гепатит туралы білуіміз керек кейбір жәйттар
Гепатит - әдетте гепатит вирустары тудыратын бауырдың қабыну ауруларының жалпы атауы.
Вирустық гепатиттің этиологиясын зерттеуде жаңалықты Нобель сыйлығының лауреаты, американдық вирусолог Барух Блюмберг жасады. Оның туған күні 28 шілде Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша 2 миллиардқа жуық адам вирустық гепатитпен ауырады немесе бұрын ауырған.
Әдетте вирусты гепатиттің A, B, C, D, E, F, G түрлерін қарастырады. Олардың барлығы бауыр ауруларының дамуына әкеледі, сонымен қатар аурудың созылмалы түріне өтуімен қауіпті, ол баяу ағыммен сипатталады, нәтижесінде ауруды кеш кезеңде анықтайды.
Бауыр ісігінің кем дегенде 60%-ы В және С вирусты гепатиттерін кеш диагностикалаумен және емдеумен байланысты. Бүгінгі таңда ең қауіптісі В және С гепатиті болып саналады. Статистикаға сәйкес, гепатиттен барлық өлім-жітім арасында олар 96% құрайды.