21
декабрь 2018
Ақтөбе қаласының эпидемиолог және инфекционист - дәрігерлеріне дөңгелек үстел
2018 жылы 20 желтоқсанда Ақтөбе қаласының денсаулық сақтау басқармасының жанындағы облыстық емдеу-алдын алу ұйымдарының, эпидемиолог және инфекционист дәрігерлері қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Эпидемиологиялық жағдай және АИТВ-жұқпасын алдын алу». ЖИТС ОО эпидемиолог дәрігерлері С.Жулмагамбетова және С.Даут Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай және АИТВ-жұқпасын алдын алу туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар аурухана ішілк АИТВ-жұқпасының алдын алу туралы сұрақтар талқыланды. Дөңгелек үстелдің соңында, қатысушылар сұрақтарын қойып, толық жауыптарын алды.