Презерватив 80% жағдайда АИТВ-дан қорғайды
Статистикаға сәйкес, презервативті қолдану 80% жағдайда АИТВ-дан қорғайды. Қалған 20% қауіп латекстің (және басқа материалдардың) тиімсіздігі және әртүрлі вирустық бөлшектердің өтуіне мүмкіндік беретін кеуекті құрылым (пористая структура) туралы көптеген әңгімелер тудырды.
Шын мәнінде, презервативтегі тесіктер — бұл миф. Егер сіз презервативтерді жасау технологиясына тереңірек үңілсеңіз, онда латекстің кем дегенде екі қабаты қолданылады— егер оларда сирек кездесетін микропорлар болса да, олар бір-біріне дәл сәйкес келуі екіталай; сонымен қатар, олар маймен толтырылады. Ақырында, электроника вирустарды жібермеу мүмкіндігін тексереді.
Дұрыс қолданған кезде презерватив 100% қорғайды-және статистика бүкіл планетаның деректерін, соның ішінде презервативті дұрыс пайдаланбауды ескере отырып жасалады.
Дәрігерлердің айтуынша, қаражат пен білімнің жоқтығынан мүшеқапты жуып, кептіріп, қайта қолданатын орындар әлі де бар.
Презервативті қалай дұрыс қолдану керек:
теріс қаратып кимеу керек (яғни, сперма жинайтын резервуар ішке қарамауы керек), жыныстық қатынас аяқталғанға дейін шешпеңіз, су немесе май негізіндегі майлау материалдарын қолданбаңыз,
бір уақытта екі презервативті пайдаланбаңыз- жыртылу қаупі жоғарылайды,
міндетті түрде жарамдылық мерзімін қараңыз және сенімді жерлерде белгілі өндірушілердің презервативтерін сатып алыңыз.