22
февраль 2022
«Жас дәурен» жастар денсаулық орталығындағы семинар
21 ақпанда ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің меңгерушісі А. Жайлаубаева №6 Қалалық емхана жанындағы «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығының медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Жастар денсаулық орталығының мамандарына АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді. Семинар барысында маман АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай және нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ақпарат берді.