24
февраль 2022
KAZGUU school оқушыларымен кездесу
23 ақпан күні ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында KAZGUU school оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясы туралы, оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясына байланысты стигма және кемсітушілікке жол берілмеу керектігі туралы айтылды. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.