Коинфекция: АИТВ және С гепатиті

АИТВ-адамның иммун тапшылығы вирусының, яғни иммундық жүйеге әсер ететін вирустың қысқартылған атауы.
С вирустық гепатиті- осы вирустан туындаған бауырдың қабыну ауруы.
АИТВ-жұқтырған пациенттер белсенділігі жоғары антиретровирустық ем енгізілгеннен бері ұзақ өмір сүреді. Алайда, С гепатиті вирусымен (СГВ) коинфекция бауыр ауруларымен сырқаттанушылықтың және өлім-жітімнің артуына алып келеді. АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын адамдар арасындағы созылмалы С гепатитінің жиілігі 7% - дан (жыныстық жолмен берілу) 90% - ға дейін (инъекциялық есірткі) ауытқиды.
АИТВ және СГВ аралас инфекциясы эпидемиологияны, клиникалық ағымды, вирусологияны және С гепатитінің табиғи ағымын өзгертеді.
АИТВ және СГВ коинфекциясын АИТВ және СГВ сияқты моно-инфекциялардан ерекшеленетін басқа ерекше ауру ретінде қарастыру қажет.
Коинфекция өзін басқаша көрсетеді және скринингке, диагностикаға және науқастарды жүргізу тактикасына басқа тәсілдерді талап етеді. СГВ-ын АИТВ жұқтырған адамдарда байқалатын оппортунистік инфекция ретінде қарастыруға болады, сондықтан АИТВ инфекциясы бар барлық пациенттерге СГВ-на скрининг жүргізу қажет.
АИТВ және СГВ коинфекциясы бар пациенттерді емдеу СГВ моно-инфекциясы бар пациенттерге қарағанда қиынырақ. Аралас инфекциясы бар пациенттерде СГВ-ын емдеу АИТВ және СГВ-ның неғұрлым ерте сатыларында тағайындалуы тиіс.

