АИТВ-ға тестілеу кезінде терезе кезеңі дегеніміз не?

АИТВ инфекциясының болуын сыртқы белгілер бойынша анықтау мүмкін емес.
АИТВ-инфекциясының бар-жоғын тек арнайы қан сынағы (сынама) арқылы анықтауға болады. Оның мақсаты - вируспен күресу үшін ағзаның өндіретін қорғаныс жасушаларын (антиденелерді) анықтау. АИТВ-ға қарсы антиденелер шамамен 2 аптадан кейін және инфекциядан кейін 3 айға дейін анықталуы мүмкін.
Инфекциядан антиденелердің пайда болуына дейінгі уақыт аралығы терезе кезеңі деп аталады. Егер сіз осы уақытта сынақтан өтсеңіз, оның нәтижесі денеде вирустың болуына қарамастан теріс болады. Нәтижені растау және диагноз қою үшін қайталама тексеру қажет. Терезе кезеңінде вирусты басқа адамға беруге болады.
АИТВ-ға антиденелер анықталса, сынақ нәтижесі «оң», анықталмаған жағдайда «теріс» деп аталады.

