Ақтөбе облысындағы жеке медицина мекемелеріндегі қызметкерлерге арналған оқыту семинары
Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің қызметкерлері жеке медицина мекемелерінің жұмысшыларына арнап Аитв-жұқпасының алдын алуға арналған семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында трансфузиялық емді жүзеге асыратын медицина мекемелеріне қойылатын талаптармен қызметкерлерін таныстырды. Сонымен қатар семинарда аурухана ішілік жұқпалар, медицина қызметкерлерінің кәсіби жұқтыруы және гемотрансфузия /трансплантациялаудың қауіпсіздігін жұқпалардан қамтамасыз етудің негізгі сауалдары қаралды.
Дәріс барысында қызметкерлер АИТВ-жұқпасының берілу жолдары мен өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы жан-жақты ақпарат берді