Баспасөз конференциясы
24 наурыз күні Ақтөбе облыстық өңірлік коммуникация қызметінде «2021 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында АИТВ-инфекциясының таралу қарқынын төмендету жөніндегі жұмыс нәтижелері» тақырыбында ЖИТС ОО орталығының орынбасары Анна Каспирова және алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаеваның қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Ақтөбе облысында өсу қарқынымен (1989 жылдан бастап) бүгінгі күні 645 АИТВ – мен өмір сүретін адам (АӨСА) тіркелген, оның ішінде ҚР азаматтары – 541, шетелдіктер-80, қалғандары (24) жасырын анықталған. 2022 жылдың басынан бері АИТВ-инфекциясының 15 жағдайы анықталды, барлығы ҚР азаматтары.
Облыста АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы тұру үшін үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс белсенді жүргізілуде: 2021 жылы халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша 2 жоба жүзеге асырылды («Наша жизнь» ҚҚ және «Сенім-Тирек» ҚБ). АӨСА-ға төзімділікті қалыптастыру үшін кемсітушілікке және стигмаға қарсы іс-қимыл, АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандыру бойынша 539 іс-шара өткізілді, бұл 2020 жылға қарағанда 2,3 есе көп (238 іс-шара). Ақтөбе қаласында 3 сенім пункті (оның ішінде 2 – мобильді) және 1 Достық кабинет жұмыс істейді, сенім телефоны (87132-213197) жұмыс істейді.