28
март 2022
Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Динара Уразалинова Рика ТВ телеарнасының «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасында қонақта болды

Дәрігер Ақтөбе облысы бойынша емхана жанындағы Жастар денсаулық орталығының жұмысы туралы сөз сөйледі. Ол жерде құпия түрде АИТВ-инфекциясына қан тапсыруға және дерматовенеролог дәрігер, гинеколог, уролог, психолог-кеңесші мамандарының көмегіне жүгінуге болады. Жастар денсаулық орталықтарында мамандар жасөспірімдерге арналған психологиялық жайлы жағдай жасайды.