АИТВ-инфекциясының ағымы
Адам АИТВ-инфекциясы немесе ЖИТС бар екенін білгенде, олар жиі қоятын бірінші сұрақтар: «Мен қанша өмір сүремін?» және «Менің ауруым қалай дамиды?».
АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС әр адамда әр түрлі жүретіндіктен, бұл сұрақтарға нақты жауап беру мүмкін емес. Бірақ кейбір жалпы ақпаратты бөліп көрсетуге болады.
АИТВ-жұқпасы бар және ЖИТС-мен ауыратын адамдар бұл күндері бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ұзақ өмір сүре бастады.
АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-н емдеу барған сайын табысты болуда. Емдеу аясында АИТВ–инфекциясы бар адамдар ұзақ уақыт бойы өздерін сау сезінеді, ал ЖИТС-мен ауыратындар ұзақ өмір сүреді және алдыңғы жылдармен салыстырғанда аурудың көріністері аз болып қана қоймай, ол әлдеқайда жеңіл өтеді.
Эпидемияның басында (1981-1986) ЖИТС науқастарда вирус жұқтырғаннан кейін орта есеппен 7 жылдан кейін дамыды. Осыдан кейін адам шамамен 8-12 ай өмір сүре алатын. 1996 жылы біріктірілген ретровирусқа қарсы терапия қолданылғаннан кейін, АИТВ жұқтырғандардың және ЖИТС-пен ауыратын адамдардың өмірі ұзаққа созылды. ЖИТС бар адамдар 10 жыл немесе одан да ұзақ өмір сүре алады.
Біріншіден, мұндай прогресті вирустың өзіне әсер ететін дәрілер - антиретровирустық препараттар қамтамасыз етеді.
Біріктірілген терапия көмегімен АИТВ-инфекциясы кезінде өлімнің тікелей себебі болып табылатын көптеген оппортунистік инфекциялардың дамуына жол бермеуге байланысты өмір ұзартылады.
Емдеудің жаңа әдістерін іздеу жалғасуда. Жақында осы инфекциямен күресуде тиімді дәрі-дәрмектер пайда болатынына күмән жоқ.