07
апрель 2022
№59 орта мектеп оқушыларымен кездесу
Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Жулмагамбетова Сандуғаш №59 орта мектебінің оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Бүгінгі күні АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алуға және жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар. Спикерлер АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.