12
апрель 2022
№66 орта мектеп оқушыларымен кездесу

8 сәуір күні Облыстық ЖИТС орталығының педагогы Матаева Меруерт №66 орта мектебінің оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар бүгінгі күні АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алуға және жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.