12
апрель 2022
Ақтөбе Жоғары медициналық колледж студенттеріне семинар
12 сәуір күні ЖИТС Облыс орталығында алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева Ақтөбе Жоғары медициналық колледж студенттеріне семинар өткізді. Семинар барысында АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, емі, АИТВ-инфекциясына тексерілу әдістері, соның ішінде экспресс-тәсілмен тексеру, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Семинар соңында студенттерге ЖИТС Облыс орталығының жұмысымен таныстырып шағын экскурсия жасалды.