14
апрель 2022
АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша дәріс
12 сәуір күні Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева «Gold avto» автомектебінде АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар бүгінгі күні АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алуға және жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.