14
апрель 2022
"Наша жизнь" ҚБ аутрич қызметкерлеріне семинар
13 сәуір күні ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Динара Уразалинова "Наша жизнь" ҚБ-де "Ақтөбе облысының 2022 жылдың 3 айының АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиолгиялық жағдайы" тақырыбында аутрич қызметкерлерге семинар өткізді. Дәрігер семинар барысында Ақтөбе облысында өсу қарқынымен (1989 жылдан бастап) бүгінгі күні 650 АИТВ – мен өмір сүретін адам тіркелген, оның ішінде ҚР азаматтары – 546, 2022 жылдың басынан бері АИТВ-инфекциясының 20 жағдайы анықталды, барлығы ҚР азаматтары екендігін атап өтті. Маман АИТВ-инфекциясына байланыста туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.