2018 жылғы жасырын сауалнаманың нәтижелері
2018 жылы Ақтөбе Облыстық ЖИТС орталығының мамандары 1177 адамға саулнама жүргізді, оның ішінде 13-29 жас аралығындағы 52% бойжеткендер және 48% бозбалалар. Зерттеу нәтижелері бойынша жастардың 82% -ы АИТВ-берілу жолдары туралы жақсы хабардар екені анықталды.
АИТВ-ның жүктілік кезінде және ана сүті арқылы анадан балаға берілуі туралы сауалнамаға қатысушылардың 84% дұрыс жауап берді.
«АИТВ-жұқпасының таралу қаупін жыныстық қатынас кезінде мүшеқаптарды қолдану арқылы азайтуға болады» - деген ұстанымда сауалнамаға қатысушылардың 78%. Ал, респонденттердің 27% АИТВ-жұқпасы бар балалардың қарапайым мектептерде, ауруханаларда және емханаларда медициналық көмек ала алады дегенге қарсы екендіктерін білдірді.
Жастардың 26% - ы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қоғамнан оқшаулау керек деген пікір білдірді, 17% -на бұл сұраққа жауап беру қиынға соқты.
«АИТВ-жұқпасының жұқтырған адамның қолын ұстап немесе құшақтау арқылы жұқтыру мүмкіндігі бар ма?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 18% сенімді жауап берді немесе сауалға жауап қайтаруға қиналды.
Сауалнамаға қатысушылардың шамамен 30% түрі-тұлғасы сау көрінетін адамдардың АИТВ-жұқпасына ұшырау мүмкіндік емес деп санайтындықтарын айтты. Сондай-ақ, АИТВ-жұқпасын жұқтырған бойда бірден анықтау мүмкін емес деп жастардың 51 % санайды.