14
апрель 2022
34 ОМ оқушыларымен кездесу
12 сәуір күні Облыстық ЖИТС орталығының педагогы Матаева Меруерт және дәрігер эпидемиологы Анар Куралова АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында 34 ОМ оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар бүгінгі күні АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алуға және жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.