15
апрель 2022
ҚАЖД КА-168/2 мекемесінің жеке құрамына дәріс
Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Сулутас Даулетбаева 13 сәуір күні АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД КА-168/2 мекемесінің жеке құрамына дәріс өткізді. Дәріс барысында АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар тыңдаушыларды АИТВ-инфекциясына байланысты нормативтік-құқықтық актілерімен таныстырды.