15
апрель 2022
АИТВ-инфекциясы бойынша дәріс
Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Сандуғаш Жулмагамбетова 12 сәуір күні АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында 44 ОМ оқушыларына дәріс өткізді. Дәріс барысында АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар бүгінгі күні АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алуға және жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.